«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Экспедиция

Экспедиция

Абылай хан атындағы Қазақстан Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Корей мәдени қоры ұйымдастырған Халықаралық қазақ-корей экспедициясының қатысушылары "Ежелгі Тараз ескерткіштері"мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің нысандарын аралады. Экспедиция мақсаты Қазақстанның көпғасырлық қасиетті мұрасын зерттеуге арналған. Экспедиция қатысушылары еліміздің оңтүстік өңіріндегі тарихи туризмді дамытудағы оң үрдістерді атап өтті. Атап айтқанда, тарих ғылымдарының докторы, профессор Г. В. Кан Қарахан мен Айша бибі кесенелері сияқты ескерткіштер Қазақстанның ортағасырлық сәулет мұрасында және халықтың киелі рухында өз ізін қалдырғанын атап өтті.