4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
4-маусым Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады. ҚР Мемлекеттік рәміздер күні — әрбір қазақстандық үшін маңызды күн.
Егеменді даму жылдарында Қазақстан өзінің нақты және беделі мен оң имиджімен әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесіне айналды. Бұл имидждің ажырамас бөлігі - Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері.
Мемлекеттік рәміздер -Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Халықтың бостандыққа деген ұмтылысын, оның өз елі үшін мақтанышын, еңбекқорлығы мен бейбіт рухын бейнелейді. Шынайы патриотизм өз елінің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуден басталады. Сондай-ақ рәміздер — халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін белгілер.