«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Арнайы «Жамбыл» радиосына сұхбат берді

Арнайы «Жамбыл» радиосына сұхбат берді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз   ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени. қорық-музейі, әр аптада FM 108 радиосында «Тараз- ғасырлар куәсі» атты айдарында болатын өлкеміздің тарихы мен тарихи мұраларын насихаттау мақсатында қорық-музей тарихшылары, ғылыми қызметкерлері,қор сақттаушылары және экскурсоводтарынан сұхбаттар беріліп отырады. Бүгінгі тақырыпта 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, 31- мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын-сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады. Осы орайда тарих беттерінде қалған мемлекет қайраткерлері,шығармашылық, ғылыми зиялы қауым өкілдері бар: Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімьет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сакен Сейфуллин, Ильяс Жансугіров. ҚР Мәдениет және спорт Министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің бөлім басшысы Лаура Байтурсынова 31- мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арнайы «Жамбыл» радиосына сұхбат берді.