«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Музей қызметкерлері экскурсия жүргізді

Музей қызметкерлері экскурсия жүргізді

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Қасымқызы ДҮЙСЕНОВА Жамбыл облысы Тараз қаласына іс сапармен келді.

Іс сапар барысында Тамара ДҮЙСЕНОВА киелі Тараз қаласында орналасқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты нысаны, ұлы сезімнің символына айналған "Айша бибі" кесенесіне келіп, қорық-музейінің қызметкерлері жүргізген экскурсиясын тамашалап кесенемен танысып, жылы лебіз-тілектерін білдіріп қайтты.