Экскурсия жүргізілді
Тарихы тағылымға толы Тараз шаһарымызда ашық аспан алаңында «Төрткүл» керуен сарайында өткізілген қорық-музейінің «Музей түні» іс-шарасына Жамбыл облысы әкімі Бердібек Мәшбекұлы САПАРБАЕВ, облыс әкімінің орынбасары Дәулет Жамаубайұлы КӘРІБЕК және облыстық мәдениет және архивтер басқармасының басшысы Е.Жүнісбай мен басқада ресми өкілдері «Музей түні» бағдарламасына сәйкес «Төрткүл» керуен сарайы мен танысып, экскурсия жүргізіліп, декорациялары мен таныстырылып, «Төрткүл» керуен сарайының тарихи атмосферасына үңіліп, макеттері мен театрландырылған қойылымдарын көріп қайтты. Бердібек Мәшбекұлы САПАРБАЕВ «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлеріне сәттілік тілеп және Тараз қаласының қонақтары мен тұрғындары таныса алуы үшін, іс-шаралар мәдени ұйымдарымен ұйымдастырылып тұруын айттып өтті.
Тараз шаһарындағы ашық аспан астындағы нысандарында орналасқан жерінің тарихи-мәдени ескерткіштері мен ұлттық құндылықтарымызды кең көлемде таныту, насихаттау облысымыздың мәдени басқармаларымен және музей ұжымдарымен бірге біргелесе отырып осындай үлкен іс – шаралар дәстүрлі түрде жалғаса беру керектігін айтты. Атаулы іс-шараны ұйымдастырған «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне оң баға берілді. Алдағы уақытта «Төрткүл» керуен-сарайының аумағында республикалық деңгейде өткізілетін көптеген іс-шаралар жоспарлануда.