«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Ортағасырдың інжу-маржаны - Айша бибі кесенесі»

«Ортағасырдың інжу-маржаны - Айша бибі кесенесі»

2020 жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" деген тақырыппен халыққа Жолдауын жариялаған болатын. Жолдаудағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде басым бағыттардың бірі білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Осы жолдау аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі қыркүйек айынан бастап жасөспірімдер арасында тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында «Өз өлкеңді біл және сүй» атты тақырыптық үйірме ұйымдастырып келеді. «Ортағасырдың інжу-маржаны - Айша бибі кесенесі» атты тақырыпта кезекті үйірмені музей қызметкерлері Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің 2 курс білімгерлеріне өткізді. Үйірме барысында XI-XII ғасырларға мерзімделінетін Айша бибі кесенесінің тарихы, кесене құрылысы, халықтан бізге жеткен аңыз әңгімелері баяндалып, соңында білімгерлердің қызығып жүрген сұрақтарына жауап берілді.