«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Жамбыл» радиосына сұхбат берді

«Жамбыл» радиосына сұхбат берді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі,әр аптаның дүйсенбі  күндері FM 108 радиосында «Тараз- ғасырлар куәсі» атты айдарында болатын өлкеміздің тарихы мен тарихи мұраларын насихаттау мақсатында қорық-музей тарихшылары, ғылыми қызметкерлері,қор сақттаушылары және экскурсоводтарынан сұхбаттар беріліп отырады. Ғасырдан ғасырға жалғасқан, атадан  балаға мирас болып келе  жатқан   тарихта ескерткіш мұралардың ұлттық мәдениетімізден алар орыны жоғары.Тасын түртсең  тарихынан сыр шертетін Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі ерекше мәдени мұраға  бай тарихи географиялық аймақ болып таныламыз. «Өткенін білмеген ел болашағын болжай алмайды»-деп, елбасы Н.Ә.Назарбаев  айтып кеткендей ,Ұлы Жібек жолы бойында айрықша орыны бар,  тарихы терең қалалардың көшін бастап тұрған  Тараз жерінде орналасқан  мәдени ескерткіштерімізбен, рухани құндылықтарымызды дәріптеп, жаңғыртуды  жон көрдік.

ҚР Мәдениет және спорт Министрлігіне қарасты  «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» тарихи-мәдени  қорық музейінің ғылыми қызметкері Тілепалдиева Ләйлә Тілеубердіқызы жергілікті «Жамбыл» радиосына сұхбат берді. Сұхбат барысында  қорық-музейге қарасты 30 тарихи – мәдени  нысандардың атауына тоқталып өтіп, қорық музейдің қазіргі уақыттағы жұмыс барысы туралы айтылды. Сонымен қатар, ХІ-ХІІ ғасырлармен мерзімделетін орта ғасырдың інжу-маржаны, киелі шаһарымыздың діни ескерткіштерінің бірі, сәулет өнерінің үздік нұсқасы Айша бибі кесенесінің тарихы, кесене  сыртындағы  ою-өрнегімен аңыз – әңгімелері жайлы сыр шертті.