Шырын Мамасерікқызын 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтау
Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.
Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.
Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.
Қыз баладай құлын мүше, гүл мүсін,
Ұлы Абайдың Тоғжаныңдай түр, пішін.
Тал бойына жарасып тұр бәрі де,
Паш еткендей әдемі әйел үлгісін!.. – деп жырлаған ақын, Мәдениет саласында өзіндік орны бар, есімі жырсүйер қауымға кеңінен таныс Шырын Мамасерікқызын 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен арнайы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы құттықтады.