1 наурыз - Алғыс айту күні!
1 наурыз - Алғыс айту күні! Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпашылықты бірге көтере білді. Сондықтан Алғыс айту күнін тарихқа тағзым ету деп түсінуге де болады. Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында ерінбей еңбек етіп, маңдай терін төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн болып есептеледі.
Бүгінге дейін нақты емі табылмай жатқан, бүкіл әлем жұртшылығының басына түскен осынау жер жаһанды жайлаған коронавирус дерті күннен күнге үдеп, сан мыңдаған адамның тағдырын жалмаған қауіпті дертке айналып үлгерді. Ең ұлы әрі қастерлі маңызды мамандық иелерінің көмегіне мұқтаж болып, соларға сенім артуда. Осы бір кеселге шалдыққандарға жедел түрде көмек көрсетіп, жанын аямай жанкештілікпен жұмыс жасап жатқан ақ халатты абзал жандарымызға және де шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың да еңбектері зор дей отырып, Алғыс айту күніне орай, Жамбыл облысының Тараз қаласындағы “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қызметкерлері, №1 Тараз қалалық ауруханасы, «Мейірім» медициналық орталығынның ұжымына, Жамбыл облыстық көпбейінді аурухана ұжымдарына және де №45 Б.Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясы және М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп ұжымдарына алғыстарын білдіріп қайтты.