«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Көненің көзі ұрпаққа аманат»

«Көненің көзі ұрпаққа аманат»

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі атындағы орта мектепте «Көненің көзі ұрпаққа аманат» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды. Киелі Тараз қаласының орнынан табылған ортағасырлық құнды да бірегей жәдігерлерден жасақталған жылжымалы көрмені мекеме қызметкері З. Балтабаева таныстырды.

Сонымен қатар, Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығына орай суырып салма айтыс өнерінің дүлдүлі - Жамбылдың өлеңдерінен арнайы постерлер қойылды.

Жамбыл мұрасы ескірмейтін, жоғалмайтын дүние. Шара барысында 11 сынып оқушыларына, мекеменің ғылыми қызыметкері Л.Тілепалдиева ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректермен бөлісіп, мекемеге қатысты нысандарымыздың тарихына тоқталып өтті.