«Ұлы даланың алып жыршысы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті
2021 жылдың 10 ақпан күні ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар» факультеті мен «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау, қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, айтыскер, сазгер - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы даланың алып жыршысы» атты аймақтық ғылыми – практикалық конференцияға қатысты.
Конференция барысында қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Әлімжанова Ғалия Жапсарбайқызы «Наследие великого акына степей» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында ақынның тарихи шежіресінен сыр шертіп, ел бірлігін жырлаған жыр – дастандарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, мекеме тарихшысы Ибадильдаева Мадина Мананбайқызы «Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада ақынның өмірбаяны мен ел мен жерді қастерлеуге, ұлы отанды сүюге үндейтін шығармалары жайлы баяндалып, ақынның құрметіне қойылған ескерткіштің тарихы мен құрылымы айтылды.