«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Онлайн бейнедәріс

Онлайн бейнедәріс

Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Алматы қаласы, Алатау ауданы №151 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларына осы мекеменің тарихшысы Ибадильдаева Мадина «Ежелгі Тараз-мәңгіліктің қаласы» тақырыбында онлайн бейнедәріс оқыды. Бейнедәріс барысында екі мың жылдан астам тарихы бар, өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы киелі де қасиетті мекен, мәңгіліктің қаласы, үлкен руханият орталығы, әлемдік өркениеттен ойып орын алатын Ежелгі Тараз қалашығының тарихы және қорық-музейге қарасты 30 тарихи-мәдени нысандардың тарихы мен аңыздары баяндалды. Сонымен қатар, «Жамбыл - менің жәй атым, Халық - менің шын атым»-деп жыр жырлаған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты ақынның өмірі мен құрметіне салынған ескерткіштің тарихы айтылды.