«Ұлыстың мақтанышы - Ұлы Жамбыл» атты іс-шара өтті
Бүгін Қазақ поэзиясының алып бәйтерегі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақын шығармаларын кеңінен насихаттау, артында қалған мол мұрасын бір ізге түсіру, ел бірлігін жырлаған жырлары арқылы жас ұрпақты отаншылдық сезімге баулу. Ақынның елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақырған, туған ел мен жерді қастерлеуге, ұлы Отанды сүюге үндеген өміршең жырларына тоқталып өтіп, ақын шығармаларының жас буынды патриоттық рухта тәрбиелеудегі маңызды рөлін ашып көрсету мақсатында «Ұлыстың мақтанышы - Ұлы Жамбыл» атты іс-шара өтті.
Іс-шараны музей директоры Нұрлан Дүйсенәліұлы Бықыбаев кіріссөзімен ашты.
Шараға қатысқан жазушы, драматург, публицист - Әлімжан Елен Әбдуатұлы, облыстық Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қуаныш Кәрібаев, Қазақстан журналистер одағының мүшесі - Есет Досалы, Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі – Хамит Есаманұлы ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи және тың деректерімен бөлісті.
Іс-шарада Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Жамбыл әлемі» атты көрмеге ұйымдастырылып, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актерлері «Жыр алыбы - Жамбылдың бейнесі» атты театрлық қойылым ұсынды.
Іс-шараға қатысқан қонақтарға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің арнайы баспасөз басылымдары мен ұлы ақынның мерейтойына арналған мүсінше (статуэтка) тарту етілді.