«Музей-рухани білім беру алаңы»
24.11.2020 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" деген тақырыппен халыққа Жолдауы аясында «Музей-рухани білім беру алаңы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізді. Шығармашылық әлеуеті дамыған бәсекеге қабілетті, білімді және ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеуді мақсат еткен конференцияның басты тақырыбы - мұражай педагогикасын мемлекетіміздің мәдени саясатының білімдік, мәдени, тәрбиелік және рухани функцияларын біріктіретін пән ретінде дамыту болып табылатын.
Конференция барысында баяндамашылар музей педагогикасының өзектілігі және оның өскелең ұрпақты тарихи-мәдени мұраға тартудағы рөлі, еріктілікті дамыту және тақырыптық үйірмелердің рөлі музей педагогикасын дамыту: өзекті мәселелері және оны шешудің жолдары, музей білім беру кеңістігі ретінде: келушімен жұмыс істеудің инновациялық формалары, тарихи-мәдени мұраларды сақтауда, насихаттауда еріктілердің рөлі. Музей педагогикасындағы үйірме сабақтарының маңызы сияқты негізгі мәселелері қамтыды. Конференцияда оқылған баяндамалар алдағы уақытта жеке жинақ болып басылады. Конференция барысы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің фейсбук парақшасында тікелей эфирге берілді.