«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Ұлы Дала тұлғалары – ұлт мақтанышы »

«Ұлы Дала тұлғалары – ұлт мақтанышы »

Халқымыздың ұлт болып қалыптасуында, жеке ел ретінде әлемдік деңгейде танылуына, оның әдебиетінің, мәдениетінің, мемлекеттік күш құдіретінің дамуында өзіндік орны бар ұлы тұлғалар есімдерін дәріптеу бұгінгі ұрпақтың бұлжымас парызы. Бұл орайда Әбу Насыр әл-Фараби, Абай Құнанбаев, Бауыржан Момышұлы, тағы солар сынды тұлғаларды еске алған жөн. Олардың жасаған қызметтерін жастардың бойларына сіңіру арқылы өскелең ұрпақтың туған елге, ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттыруға батыл қадам жасауға болады.
Ағымдағы жылдың жиырмасыншы ақпанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Жастар сарайында» Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалаларының аясында «Ұлы Дала тұлғалары – ұлт мақтанышы » атты республикалық семинар өтті.Оған ЖОО-ның профессор-оқытушылары, студенттер, қоғамдық белсенділер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Семинарда М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ-нің «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетінің деканы Іңкәрбеков Нұрлан Омаралыұлы модераторлық жасап, Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Бықыбаев Нұрлан Дүйсеналыұлы кіріс сөз сөйледі.


Семинар бағдарламасына сәйкес ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, жазушы, публицист, драматург, БАУЫРЖАНТАНУШЫ- Елен Әлімжан, М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ-нің «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент, АБАЙТАНУШЫ - Көлбаева Дина Дүйсебайқызы, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің кіші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының магистрі, ЖАС ФАРАБИТАНУШЫ - Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы тақырыптық баяндама жасады.
Студенттер мен оқушылар ұлы тұлғалар туралы өлеңдер оқыды.
Іс-шараны ұйымдастыруда белсенділік танытқан азаматтарға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Ал, аталмыш семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, сонымен бірге көпжылдық серіктестіктегі жемісті жұмыстары үшін мемлекеттік "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейі ұжымын М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ-дың ректоры, профессор Махметқали Сарыбеков Алғыс хатпен марапаттады.

Семинар барысында мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі тарапынан тақырыпқа қатысты жылжымалы және кітап көрмелері ұйымдастырылды.