«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

             Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетімен екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
             Кездесу барысында университет ректоры Махметқали Нұрғалиұлы Сарыбеков пен музей-қорық директоры Нұржан Мергенбайұлы Мергенбай тарихи-мәдени нысандарды бірлесе дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендерін атап өтті.
             Аталған меморандум екі тарапқа тәжірибе алмасу, ғылыми экспедициялар ұйымдастыру, студенттердің практикалық сабақтарын өткізу, сондай-ақ бірлескен конференциялар мен мәдени іс-шараларды жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді.