«Оххум қалашығы – ұмытылған өркениеттің іздері» тақырыбында танымдық дәріс
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің тарихшысы Ақерке Ерғабылқызы №10 мектептің 8 «Б» сыныбы оқушыларына «Оххум қалашығы – ұмытылған өркениеттің іздері» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға:
Тарихи деректер мен археологиялық зерттеулер нәтижелері
Оххум қалашығының құрылысы, мәдени қабаттары және ежелгі тұрмыс ерекшеліктері
Табылған артефактілердің тарихи маңызы
Жетісу және Талас өңірінің өркениет тарихындағы орны туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды.
Оқушылар қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, тарихи жәдігерлер жайлы тың мәліметтер алды. Бұл бағыттағы танымдық сабақтар өскелең ұрпаққа туған өлке тарихын терең тануға, ұлттық мәдени мұраға құрметпен қарауға үлкен ықпал етеді.


19 Қараша 2025
131
16 Қараша 2019