ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Қарахан баба және Айша бибі кесенелеріне келді
Ағымдағы жылдың 14 тамызында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Қарахан баба және Айша бибі
кесенелеріне келді.
Сапар барысында министр ескерткіштердің қазіргі жағдайымен танысып, тарихи мұраны сақтау
мен дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Атап айтқанда:
• Экономикалық тиімді шешімдер қабылдау жолдары
• Кадр тапшылығын жою және білікті мамандар даярлау
• Туристерді көптеп тарту және мәдени туризмді дамыту.
Бұл кездесу – көне мұраларды сақтау ісіне серпін беріп, оларды халыққа және шетелдік қонақтарға кеңінен
таныстыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
16 Тамыз 2025
127
16 Қараша 2019