«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Бүгін бізге шетелден қонақтар келді!

Бүгін бізге шетелден қонақтар келді!

         Олар Оңтүстік Африка, Гонконг, Тайланд және Макаодан арнайы келіп, тарихи орындарымызбен
танысты. Туристеріміз гидтердің жылы қабылдауына, тарихи деректермен бөліскен қызықты әңгімелеріне
риза болып, өз әсерлерімен бөлісті:
        «Біз бұл жерге келгенімізге өте қуаныштымыз! Мавзолей мен өңір тарихы туралы көптеген мағлұмат
алдық. Өзін ерекше сезіндік. Осындай сапарға мүмкіндік бергендеріңізге алғысымызды білдіреміз».
        Біз үшін ең үлкен қуаныш – әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарымыздың жақсы көңіл
күймен қайтуы. Барлық саяхатшыларға сәтті сапар, ал бізге келушілерге ұмытылмас әсер тілейміз!