«Өлкенің жас археологы» атты үйірменің екінші кезеңі
Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді
қорғау» бөлімінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №23 орта мектептің 6–7 сынып оқушылары үшін
бүгін «Өлкенің жас археологы» атты үйірменің екінші кезеңі ұйымдастырылды.
Бұл кезеңде оқушыларға археологиялық қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлердің реставрациядан
өткен нұсқалары таныстырылды. Сонымен қатар, құнды да бірегей тарихи экспонаттар қойылған шағын көрме
ұсынылды. Жас жеткіншектер үшін бұл ерекше тәжірибе болып, оларды тарих пен мәдени мұраға жаңаша
қырынан қызықтыра түсті.
Мұндай іс-шаралар – жас ұрпақтың туған жерінің бай тарихына деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдени
құндылықтарды сақтауға тәрбиелеудің маңызды қадамы.
30 Қыркүйек 2025
127
16 Қараша 2019