«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Ұлттық музейде реэкспозициялық жұмыстар жүріп жатыр.

Ұлттық музейде реэкспозициялық жұмыстар жүріп жатыр.

Өзгерістер Жамбыл облысындағы ортағасырлық Құлан қалашығын зерттеу кезінде табылған сәндік сәулет өнерінің саз тақталары фрагменттері, кірпіштер, қабырға декорлары, терезе әйнектері, тиындар, ыдыстар, мүсіншелер орналасқан Ежелгі және ортағасырлар тарихы залын да қамтыды.

Құлан қалашығы Ұлы Жібек жолының бір бағыты бойындағы маңызды орталықтардың бірі болған. Табылған сәулет өнерінің элементтері қала құрылысы мен қолөнер өндірісінің жоғары деңгейде дамығанын, сондай-ақ Құланның ортағасырлық Қазақстанның негізгі қалаларының бірі ретіндегі мәдени маңызын дәлелдейді.

Бұл жайлы толығырақ музейдің ғылыми қызметкері Руслан Дуванбеков баяндады.

https://www.instagram.com/p/DL9bnEpCW01/