«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Алдағы уақытта Құлан Түркістан секілді туристерге толады!

Алдағы уақытта Құлан Түркістан секілді туристерге толады!

        Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бастамасымен Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан көне Құлан қалашығында музейлендіру жұмыстары қолға алынады. Бұл бастама – Түркі өркениетінің іргелі ошақтарының бірі болып табылатын, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген құлан қалашығының тарихи келбетін қайта жаңғыртып, халықаралық деңгейде танылуына серпін бермекші.
       Аталған бағыттағы алғашқы зерттеу жұмыстарын атқару үшін аймаққа Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (Халықаралық білім беру корпорациясы) жанындағы Түркі мәдениеті және мұрасы орталығы мен Сәулет факультетінің мамандары:
       Бекешов Сәрсенғали Сагызбайұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, ЮНЕСКО кафедрасының қауымдастырылған профессоры
       Жұматаев Сакен Әлжаханұлы – тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры
       Акунов Арыстан – сәулет жобалау негіздері кафедрасының ассистент-профессоры
       Дүйсен Бауыржан -ЮНЕСКО кафедрасының доктаранты келді.
Жобаның таныстырылым барысында Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының директор м.а. Нұржан Мергенбайұлы мамандармен кездесіп, жобаның мазмұны мен болашағына қатысты ұсыныстарын білдіріп, толық қолдауын жеткізді.
       Мамандардың еңбегінің нәтижесінде тарихи орын қайта түлеп, халықаралық ғылыми және туристік кеңістікте кеңінен танылуға мүмкіндік алады. Соның арқасында тарихы терең Құлан қалашығы елімізде туристер ең көп баратын нысандардың біріне айналатын болады.