Халықаралық музей күніне орай марапаттау
Халықаралық музей күні, кәсіби мереке күнге орай, Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директорының міндетін атқарушы Нұржан Мергенбайұлы музей-қорық ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ, мекемеміздің 21 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маманы Мерекеев Нұртөре мырза
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ең жоғары марапаты — “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды!
Бұдан бөлек, ұжымымыздың бірқатар қызметкерлері:
• Жамбыл облысы әкімінің “Құрмет грамотасымен”,
• Облыс және қала әкімдерінің “Алғыс хаттарымен”,
• Мәдениет басқармасы басшысының,
• Мекеме басшысының “Алғыс хаттарымен” марапатталып, еңбектері лайықты бағаланды.
Осы қуанышты сәтпен барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз елене берсін, мәдениетіміз бен руханиятымыздың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз зор болсын!
23 Мамыр 2025
589
16 Қараша 2019