«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Таза Қазақстан – тарих пен табиғаттың үндестігі: Жамбыл облысы аумағындағы тарихи нысандарды қорғау мен туризмді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Таза Қазақстан – тарих пен табиғаттың үндестігі: Жамбыл облысы аумағындағы тарихи нысандарды қорғау мен туризмді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

      «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан – тарих пен табиғаттың үндестігі: Жамбыл облысы аумағындағы тарихи нысандарды қорғау мен туризмді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Жиынды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы Сәлемов ашып, жүргізді. Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдары мен студенттер қатысты.Жиында тарихи-мәдени мұраларды сақтау, экотуризмді дамыту және тарихи нысандарды қорғау жайы кеңінен талқыланды. Музей-қорық директоры Нұржан Мергенбайұлы:“Бабалардан қалған мұра – ұлттың рухани коды. Оларды қорғау, сақтау – бәрімізге ортақ міндет. Тарихи-мәдени нысандарды құлпырту үшін қолдан келгенше жағдай жасап жатырмыз. Бірақ, туристердің қызығушылығын арттыру үшін сіздерден қолдау қажет. Бірге әркет етсек, бабалар мұрасын кеңінен танытамыз”,– деді. #Ақыртас #ЕжелгіТараз #МәдениМұра #ТазаҚазақстан #ЖамбылТуризмі #ТарихТамыры