«Жалпақтөбе қалашығы» тақырыбында танымдық дәріс
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық университет білімгерлеріне «Жалпақтөбе қалашығы» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында музей-қорыққа қарасты республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштің тарихы, археологиялық ерекшеліктері мен сол ескерткіштерге байланысты аңыз-әңгімелер айтылды. Бұл кездесу — жастардың тарихи сана-сезімін оятып, ұлттық мұраны қадірлеуге бағытталған маңызды қадам болды.
08 Мамыр 2025
532
16 Қараша 2019