«Дәуірлер көшіндегі Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме
Халықаралық туризм күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» археологиялық саябағында «Дәуірлер көшіндегі Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтарына 2011-2017 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды әрі бірегей жәдігерлер таныстырылды. Келуші қонақтар жылжымалы көрмені ерекше қызығушылықпен тамашалады.