№26 орта мектебінде «Тарих аясындағы көне Тараз» 19.02.24
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Абай атындағы №26 орта мектебінде тарих пәні апталығы аясында «Тарих аясындағы көне Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме өтті.
Жылжымалы көрме барысында оқушылардың назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Сондай-ақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімі, жасалу техникасы мен пайдалану мақсаты түсіндірілді. Жылжымалы көрменің жасақталуының басты мақсаты – ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы, ұлтымыздың рухани байлығы – құнды жәдігерлерді өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады. Өз кезегінде, оқушылар мен ұстаздар алғыстарын білдіріп, өздерінің үлкен қызығушылықтарын танытып, көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізді.
19 Ақпан 2024
1029
16 Қараша 2019