«Тараз – Жібек жолының інжу-маржаны»
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының «Сервис» студенттік ғылыми үйірмесі ұйымдастырып отырған «Тараз – Жібек жолының інжу-маржаны» тақырыбында көшпелі ашық отырыс (семинар-конкурс) өткізілді. Семинар аясында студенттерге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Көне Тараз» археологиялық ашық аспан астындағы саябағында қазба жұмыстары барысында табылған музейдің құнды әрі бірегей жәдігерлерінен жылжымалы көрме жасақталып, экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында студенттер өз қызығушылықтарын білдіріп, көптеген сұрақтар қойып, жауабын ала алды. Жылжымалы көрменің жасақталуы – ата-бабамыздан мирас болып қалған сан ғасырлық тарихты өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады.