«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Өз өлкеңді сүй және біл

Өз өлкеңді сүй және біл

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының №40 жылдық атындағы орта мектебінің оқушыларына “Көне Тараз” ашық аспан астындағы археологиялық саябағында «Өз өлкеңді сүй және біл» атты тақырыптық үйірме өткізді. Үйірме барысында оқушыларға Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, үлкен руханият орталығы болған Тараз қалашығына экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар 2011-2017 жылдар аралығында табылған құнды да бірегей жәдігерлерден жасақталған көрме ұсынылды.