«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Халықаралық семинар ұйымдастырылды

Халықаралық семинар ұйымдастырылды

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Ақыртас сәулет-археологиялық кешенінде ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университеті “Зерттеу және оқыту саласында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің және Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университеті (Германия) арасындағы ынтымақтастық-тәжірибе және болашаққа жоспар алмасу” тақырыбындағы Халықаралық семинар ұйымдастырды. Семинар барысында қорық-музей қызметкерлері Ақыртас сәулет-археологиялық кешеніне экскурсия жүргізді. Аталмыш семинарда шетелден келген профессор оқытушылар Джэрси Францижек Яворски, Дитмар Хегель (Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университеті, Германия), Сефа Четин (Мальтепе Университеті, Түркия), Кутай Октай (Кастамону Университеті, Түркия) халықаралық ынтымақтастық перспективаларын, мұғалімдерді даярлаудың өзекті аспектілерін, студенттерді қазіргі цифрлық қоғамда оқыту мен дамыту жұмыстары жайында өздерінің баяндамаларын оқыды.