Мониторинг жүргізілді
Бүгін 12 қыркүйек күні Жамбыл облысында орналасқан тарихи-мәдени мұра Ақыртас сарай кешенінде нысаналы мониторинг жүргізілді. Ескерткіштердің маңыздылығы мен құндылығын жоғалтпай, қайта қалпына келтіретін ғылым саласы «реставрация» деп аталады. Елімізде осы саламен Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Кәсіпорын Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерінің жай-күйіне, сонымен қатар табиғи-климаттық жағдайлардың әсерін мониторлингілей отырып, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп келеді.