Музей ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдады
1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар, еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Ел Президентінің халқына жолдауында жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматтың ерекше назарын аударды. Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық маңызды салаларын қамтыды. Оларды тиімді реформалау – Жаңа Қазақстан табысты құрудың бірден-бір кепілі. Реформалардың негізгі мазмұны – бірінші кезекте өскелең ұрпақтың мүддесі, адами ресурстарды дамыту, мемлекеттің әлеуметтік құрамды бөлігін күшейту тақырыптарын қозғады. Яғни, мықты әрі белсенді және бәсекеге қабілетті қоғам құру арқылы – табысты мемлекет құру жолын жалғастыру.
Жарияланған шешімдердің басым бөлігі жас буынның өмір сүру сапасын арттыруға арналды. Атап айтқанда, декреттік төлем мерзімін ұзарту, Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігін балалардың есеп-шотына аудару, білім алу үшін жеңілдетілген несие беру және т.б. Сондай-ақ мемлекеттік қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол берілмейтіндігін, субсидия бөлу арқылы еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру жұмыстары қозғалды. Сонымен қатар кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі. Қазіргідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетіндігін ашық жеткізді. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.
Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды, айтылған түбегейлі жаңа реформа ұжым қызметкерлерінің көңілінен шықты.