«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / 1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!

1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!

Бүгін еліміздің барлық білім ордаларында алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты іс-шаралар өткізілуде. Бұл барша жанның көңілін толқытқан ерекше сәт деп білемін. Кішкентай бүлдіршіндер алғаш рет мектеп табалдырығын аттап жатса, мектеп түлектері жаңадан университет қабырғасына келіп, үлкен өмірге қадам басуда.

Осынау айтулы күні барша ұстаздар қауымын, оқушыларды, ата-аналарды және Қазақстандықтарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға жаңа оқу жылында орасан зор жетістіктер, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық-саулық тілейміз.

Құрметпен “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы.