Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ақтөбе (Баласағұн) қалашығына барды
Жамбыл облысы әкімі Н.М.Нұржігітов Шу ауданына жұмыс сапар барысында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Ақтөбе (Баласағұн) қалашығына барды. Жұмыс тобы өкілдеріне қалашыққа экскурсия жүргізілді. Жергілікті атқарушы орган өкілдерімен Ақтөбе (Баласағұн) қалашығын сақтау, қорғау насихаттау жұмыстары мен алдағы уақытта қалашықты туристік тартымды аймақ ретінде танымал ету жоспары талқыланды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор оқытушысы М.Елеуов, "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері тарапынан ұсыныстар айтылды.