Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ағымдағы жылдың шілде айында Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, археолог, Phd доктор Ақымбек Ералы Шардарбекұлының жетекшілігімен Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы маңында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарына қатысып қайтты. Жетекші мамандар ондағы қазба Төртүл аумағы екендігін атап өтті. Төрткүл – елді мекен аттары, топырақ үйінділерінен тұрғызылған көне және ерте орта ғасырлардағы (VIII-XIV ғғ.) бекініс орындары, төбесі тегіс, беткейлері тік келген төрткүлді дөңестер. Қазба барысында ескерткіштердің құрылыс материалдарын анықтап, табылған заттарға сипаттама берілді. Қазба жұмысы барысында көне мекенде ғасырлар бойы пайда болған мәдени қабаттар,қыш қақпақ, керамикалық ыдыс сынықтары, жылқы малының сүйегі табылды.