Тарихи нысандарда түсірілім жүргізуде
Ұлттық «Домбыра» арнасы ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты нысандарда түсірілім жүргізуде. Түсірілімнің басты мақсаты көне дәуірлердің естелігі, адамзат мәдениетінің биігінде айтарлықтай орны бар, екі мың жылдан астам тарихы бар қасиеті мен өсиеті қатар өрілген Тараз қаласының тарихымен таныстыру. Сұхбат барысында музей қызметкерлері тарихы тереңнен тамыр тартатын Әулиеата өңірінде орналасқан тарихи нысандардың құрылысы, тарихы туралы баяндап берді.