Жұмыс тобы отырыс өткізді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен «Музей ісі және мәдени құндылықтарды уақытша әкету, сондай-ақ экспорттау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бойынша ұсыныстарды талқылау» тақырыбында нормативтік-құқықтық базаны мониторингілеу және талдау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді. Аталған жиынға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері қатысты.