«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / № 1 балалар үйінде жылжымалы көрме ұйымдастырылды

№ 1 балалар үйінде жылжымалы көрме ұйымдастырылды

1 маусым балаларды қорғау күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Бабалар мұрасы-ұрпақ қазынасы» тақырыбында Қ. Сарымолдаев атындағы № 1 балалар үйінде жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Археологиялық жәдігерлерден жасақталған көрмеде күнделікті тұрмыста қолданылатын ыдыстар, IX-XIII ғасырға жататын қыш құмыралар,қола, қыш шырағдандар және т.б экспонаттар балалардың назарына ұсынылды. Артефактілерді көрген балалар музей-қорық қызметкерлерінен қызықтырған сұрақтарына мазмұнды жауаптар алды.

Осындай көрмелерді ұйымдастырудағы біздің басты мақсатымыз қазіргі жаһандану үдерісінің даму кезеңінде жас ұрпақты жан-жақты жетілген, эстетикалық талғамы биік, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары, әлемдік мәдениеттен хабары бар, ұлттық құндылықтарды қадірлей білетін, отаншылдық рухтағы, бәсекеге қабілетті, көргенді, білімді, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру.