«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Кішкентай бүлдіршіндерге экскурсия жүргізілді

Кішкентай бүлдіршіндерге экскурсия жүргізілді

1 маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз!

Атаулы мерекеге орай ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты нысандарда ашық есік күні жарияланған болатын. «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ!» атты мерекелік іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндерге экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар балаларға «Білімді мыңды жығады» тақырыбында викториналық ойындар, «Ойнайықта, ойланайық!» тақырыбында квест ойыны, «Мен табиғаттың қорғаушысымын!» атты асфальтқа сурет салу байқауы өткізіліп, кәде сыйлықтар үлестірілді.