«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Экспедиция өткізілуде

Экспедиция өткізілуде

«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ ұйымдастыруымен «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы, «Қазақстан тарихы» интернет-жобасы, Алтын Орданың 750 жылдығына орай экспедиция өткізілуде. Түсірілім барысы ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Қарахан», «Айша бибі», «Тектұрмас» кесенелері, «Ақыртас сәулет – археологиялық кешені», «Баласағұн» қалашығында жүргізілуде.Түсірілімнің басты мақсаты көне дәуірлердің естелігі, адамзат мәдениетінің биігінде айтарлықтай орны бар, екі мың жылдан астам тарихы бар қасиеті мен өсиеті қатар өрілген Тараз қаласының тарихымен таныстыру.Сұхбат барысында музей қызметкерлері тарихы тереңнен тамыр тартатын Әулиеата өңірінде орналасқан тарихи нысандардың құрылысы, тарихы туралы баяндап берді.