«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Тікелей эфирде сұхбат берді

Тікелей эфирде сұхбат берді

Бүгінгі күн "JAMBYL TV" телеарнасының "Қайырлы таң,Жамбыл" атты таңғы бағдарламасымен басталды. "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығы атынан Оспанова Әлия және Тазан Бауыржан тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат барысында 18- мамыр Халықаралық музей күніне арналған «Ортағасыр әлеміне саяхат!» атты мерекелік іс-шараға Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Музей түні» ашық есік күніне шақырып,іс-шараның мерекелік бағдарламасы баяндалды. Сонымен қатар дәстүрлі мереке «Балалар жылына» орай бүлдіршіндерге қызықты етіп, ыңғайластырып ұйымдастырылғанын атап өтті.