Түсірілім жұмыстары жүргізілді
“Qazaqstan” Ұлттық арнасы "Киелі мекен" бағдарламасының кезекті санында "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырлық Қараханид дәуіріне жататын "Қарахан", "Айша-бибі", "Бабаджа хатун" сынды тарихи нысандарында түсірілім жұмыстары жүргізілді.
Түсірілімнің басты мақсаты көне дәуірлердің естелігі, адамзат мәдениетінің биігінде айтарлықтай орны бар, екі мың жылдан астам тарихы бар қасиеті мен өсиеті қатар өрілген Тараз қаласының тарихымен таныстыру.
Сұхбат барысында музей қызметкерлері тарихы тереңнен тамыр тартатын Әулиеата өңірінде орналасқан тарихи нысандардың құрылысы, тарихы туралы баяндап танымдық экскурсия жүргізді.