«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / СТВ телеарнасына сұхбат берді

СТВ телеарнасына сұхбат берді

ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкері Тасыбаева Бағым СТВ телеарнасына сұхбат берді. Аталған сұхбат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасы бойынша дайындалуда.

Сұхбат барысында жалпы мәдениеттің қандай тәрбиелік мәні бар екендігі; мәдениет ұрпақтан-ұрпаққа қандай рухани құндылықтарды бере алатындығы және қазақстандықтарды біріктіруге, бір ортаға, бір идеяға тоғыстыруға мәдениет қалай әсер ете алатындығы туралы сөз қозғалды.