1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай іс-шара ұйымдастырылды
Қазақ елін мекен еткен жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік 150 ден астам ұлт өкілдері күні бүгінге дейін бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді.
Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлт өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер еткен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Тараз қаласында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты жылжымалы көрмесін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы халық назарына ұсынды. Мерекелік іс-шара барысында тарихымызды жаңғыртатын көненің көзі болған ХІ-ХІІ ғасырлармен мерзімделетін ортағасырлық құнды жәдігерлерімізден жасақталған соның ішінде: қола шырағдан бөліктері,күміс белбеу, сиясауыят, қыш құмыралар, жұмыртастар секілді ерекше экспонаттарымызды көрермендер тамашалай алды.