«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Тарихи-мәдени жәдігерлер туралы ақпаратпен бөлісті

Тарихи-мәдени жәдігерлер туралы ақпаратпен бөлісті

“Qazaqstan” Ұлттық арнасы және Республикалық "Абай ТВ" телеарнасының "Мәдениет жауһарлары" бағдарламасының кезекті саны "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қор қызметіне арналды. Сұхбат барысында музей-қорық қызметкері Тасыбаева Бағым 2011-2017 жылдары Тараз қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған тарихи-мәдени жәдігерлер туралы толық ақпаратпен бөлісті. Археологиялық зерттеу жұмыстары көне қаламыз Тараздың осыдан екі мың жыл бұрынғы мәдениетіміздің ірі ошақтарының бірі болғанын айғақтады. Көне шаһар Ұлы Жібек жолының керуен жолдарындағы ортағасырлық қала мәдениетінің озық үлгісі болғаны сөзсіз.