«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Ұлт болашағы саналы ұрпақ» атты онлайн экскурсия жүргізілді

«Ұлт болашағы саналы ұрпақ» атты онлайн экскурсия жүргізілді

Шымкент қаласының №130 орта мектеп білім алушыларына «Ұлт болашағы саналы ұрпақ» атты («Zoom» платформасы арқылы) онлайн экскурсия жүргізілді. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері білім алушыларға тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттай отырып, ежелгі қала, үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бірегей құнды экспонаттарды көрсетіп, сипаттамларына тоқталып, таныстырды. Онлайн форматта өткізілген экскурсияға ортағасырдың інжу-маржаны «Айша бибі», Әулие ата атанған «Қарахан» кесенесі, шаһардың шырайын кірігізіп, ажарын ашып тұрған «Көне Тараз» этномәдени кешені назарларына ұсынылды. Экскурсия оқушылардың қызығушылығын тудырды, олар ежелгі Тараздың тарихы туралы қызықты және мазмұнды дәріс тыңдады. Музей қызметкерлері балаларды өз өлкесін сүюге, оның бай тарихын білуге және өз елінің патриоты болуға шақырды.