«Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз»
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы табиғаттың қайта түлеп, тіршілік атаулының жаңаратын кезі. Сан ғасырлық тарихы бар Наурыз мерекесі көпұлтты мемлекеттегі достық пен келісімді нығайтатын, ұлттық бірегейлікті сақтауға ықпал ететін, сондай-ақ бейбітшіліктің, бірлік пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып табылады.
Бүгін, Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігінің Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын мереке қарсаңында мәдени мұраларымызды насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында ұлттық ойындарымыз өткізіліп, ұлттық тағамымыз дайындалып, домбырадан күй төгіліп, әсем әуенмен жалғасын тапты. Аталған мерекеге мәдениет саласында қызмет етіп, еңбегі сіңген ардагерлеріміз, Жамбыл облыстық мәдениет басқармасының басшысы және директорлары, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері және БАҚ өкілдері шақырылады.
Сонымен қатар, өлкенің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қырғызстан Республикасы «Сулейман-Тоо» ұлттық тарихи-археологиялық музей кешені және Өзбекстан «Шахрисабз» мемлекеттік музейімен келісілген Меморандум аясында бірлесіп, онлайн форматта Халықаралық түсірілім өткізілді.