«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Музей туралы / Музей қоры / “Музейге сый тарту” акциясы / Төменгі Барысхан аумағынан Күміс көмбе табылды

Төменгі Барысхан аумағынан Күміс көмбе табылды

2021 жылдың қыркүйек айында Тараз қаласының тұрғыны Искандеров Рафаэль Камилевич музей-қорығының қорына құнды жәдігерлер өткізді. Ол Төменгі Барысхан қалашығының маңында жер жұмыстарын жүргізу кезінде табылған күміс монеталарынан тұратын көмбесін кездейсоқ тапты. Қыш құмырасында күміс екі монета дайындамасы мен жартылай  және майда бөлшектенген монета бөліктері сақталған.

Көмбені ғалым – нумизмат П.Н.Петров зерттеді. Ғалымның айтуынша, монета Х ғасырдың ортасына жататын Саманидтер дирхемі болған. Дирхем бөліктері ұсақ-түйек саудагеріне тиесілі болған. Саудагер төтенше жағдай болғанда тұратын үйінің маңына көміп қоюы мүмкін. Монета бөліктерінің салмағы жарты келіге жуық.Осындай көмбелер ортағасырлық Тараздың Ұлы Жібек жолында жетекші орындардың бірін иеленгендігінің "Көпестер қаласы" болғандығының және Керуен саудасында үлкен рөл атқарғандығының, сондай-ақ көптеген ғасырлар бойы түсті металлургияның маңызды орталығы болып келгенінің тағы бір дәлелі болып табылады. Қазынаны сыйға тартқан Искандеров Рафаэль музей-қорығы атынан «Алғыс хатпен» марапатталып, музей баспасынан шыққан сый-сыяпаттар тапсырылды.

Дирхем монеталарының бөліктері