Ақпан айы
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» Республикалық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
2015 жылға дейін қорық-музей бюджеттен 100 % қаржыландырылған болатын. Ал, енді 2015 жылдан кейін кәсіпорын ретінде музейге республикалық бюджеттен 95% қаржы ғана бөлінетін болды, яғни қалған 5% қаржыны қорық-музей өз қызметі арқылы табуы керек.
Сонымен қатар қорық-музейге қарасты республикалық маңызға ие ескерткіштерге келетін зиярат етушілерден, ескерткіш аумағында орнатылған арнайы жәшікке түсетін қаражатты ай сайын жариялап тұруды дұрыс деп санаймыз.
Ақпан айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қайырымдық және демеушілік қорына 111 574 теңге түсті. Осы сомадан:
банк қызметіне — 600 теңге,
шаруашылық жұмыстарына —45000 теңге,
пошта қызметіне —7140 теңгесі жұмсалды.
Жалпы ақпан айындағы шығыстардың сомасы 52740 теңгені құрады.
58834 теңге келесі айға жоспарланған жұмыстарға жұмсалады.