Маусым айы (2022)
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
Кәсіпорынның қызметі бюджет қаражаты (республикалық бюджет есебінен 90% - ы субсидияланады) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған өз табысы (10%) есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Қаржылық қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында музей-қорығы әкімшілігі қайырымдылық жарналар есебінен түскен қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша ай сайынғы деректерді жариялайды:
2022 жылдың маусым айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қайырымдылық және демеушілік шотына 787 878 теңге 65 тиын түсті. Осы сомадан:
банк қызметі – 2 569,52 теңге,
шаруашылық жұмыстарына – 332 693,16 теңге,
пошта қызметі – 14 400 теңге жұмсалды.
Маусым айында шығыстардың жалпы сомасы 349 662,68 теңгені құрады. Қалған қаражат (438215 теңге 97 тиын) музей-қорығының келесі айға жоспарланған жұмыстарына жұмсалады.